Блог ректора

 

Агзамова Алия Бекежановна
Ректор, кандидат экономических наук

Правила обращения

59 комментариев

  1. Мен Қызылорда обысының «Болашақ университеті» колледжінің 4 курс студентімін, менің сіздердің оқу орындараңыз жайлы нақтырақ білгім келеді. Мен осы жылы оқу бітіріп, сіздердің оқу орындарыңызға тапсыра аламын ба? Менің қазіргі оқып жатқан мамандығым 0809000 — «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» (техник-технолог). Сіздердің оқу орындарыңызда осы мамандықты жалғастыруға болады ма?

    1. Сәлеметсіз бе, Мәди! Сіз колледжді бітіргеннен кейін Кешенді тестілеуден (КТ) өтіп, біздің университетке 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығына түсе аласыз.

  2. Мен ауылдық жердегі мектепте мұғаліммін. География пәні мамандығым бар. Сіздерден ЖОО кейінгі оқуды қалай оқуға болады. Өз салам бойынша… Қашықтықтан оқыту жүйесі сіздерде бар ма?

    1. Сәлеметсіз бе! Біздің университетте«География»мамандығы жоқ. Алайда, Сіз колледж бітірген дипломыңыздың көшірмесін жіберіңіз. Дипломыңызға қарап, нақты жауап бере аламыз.

  3. Здравствуйте, Алия Бекежановна! Хотела спросить, для того чтобы перейти со специальности дизайн(в моем случае,проучилась пол-года) на специальность финансы, что нужно делать? Какие экзамены сдавать? Или обязательно КТ ?

  4. Мен 9 бітіріп Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен Переработка нефти и газа мамандығын 3жыл окып 2016жылы бітірдім. Енді жоғары білім алу үшін педогогический воспитание до школьного электронный вариантпен оқуға болама? неше жыл?

    1. Гүлжан саламатсыз ба. Университетке оқуға түсу үшін 2017 ж жазда кешенді тестілеу тапсыру керексіз. Кешенді тестілеуден қажетті балл жинап, университетке колледжді бітірген мамандық бойынша ғана оқуға түсе аласыз. Сіздің бітірген мамандығыңыз бойынша біздің университеттің 5В070800-Мұнай-газ ісі мамандығы сәйкес келеді.

  5. Саламатсыз ба! Мен қазіргі таңда «Педагогика және психология» мамандығының 4-курс студентімін. Алдағы уақытта осы жолда білімімді шыңдау мақсатында магистратура оқысам деймін. С.Бәйішев университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура ашылады ма?

  6. Сәлеметсіз бе Алия Бекежанова! Мен 2014 жылдың «ПЕДАГОГИКА және ПСИХОЛОГИЯ» кафедрасының түлегі боламын. ең алғашқы осы мамандықтың түлектері десемде болады. 2015 жылы желтоқсан айында университеттің 20 жылдық мерей тойының сценарилик жиынына қатысыпта келдім. өзім Маңғыстау облысында тұрамын. Сізге өтінішім ең алғаш «Қарттар үйі», «Алға балалар үйі», «Әскери бөлімдер» т.б.б үйлерге бізді практикаға жіберіп жақсы нәтижемен оралған болатынбыз. Осындай үлкен жетістіктерді неге сайтқа салмасқа? Бізде бір марқайып қалар едік. Өздеріңізде ордадан білім алғаныма өте қуаныштымын! Істеріңзге сәттілік. Алдағы уақытта өтінішімнің орындалғанын көріп қуанып қалармын!

  7. Добрый день, Алия Бекежановна!
    Есть ли в Вашем вузе магистратура по специальности 5В010200 «Педагогика и методика начального обучения»?

    1. Добрый день! В 2017 году интересующая вас специальность, а также специальность 5В010100 «Дошкольное обучение и воспитание» успешно прошли специализированную аккредитацию. В ближайшее время планируется открытие магистратуры.

  8. Здравствуйте, уважаемая Алия Бекежановна!
    Слышала, что в Вашем вузе есть возможность получить двудипломное образование по специальности 5В010100 «Дошкольное обучение и воспитание». Хотелось бы поподробнее узнать об этой программе.

    1. Здравствуйте! Да, в нашем вузе по многим специальностям, в том числе по 5В010100 «Дошкольное обучение и воспитание» и 5В010200 «Педагогика и методика начального обучения» существуют совместные образовательные программы с иностранными вузами-партнерами (Университет еврорегиональной экономики им. Альчиде де Гаспери в Юзефове, БГПУ им. М. Акмуллы). Эти программы позволяют студентам Актюбинского Университета им. С. Баишева обучаться в университете и вузе-партнере с целью получения диплома государственного образца в Казахстане и диплома международного вуза-партнера.

  9. Мен Алдоңғарова Айгерім С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 2016 –жылғы түлегімін. Қазір осы университетте лаборант қызметін атқарып жүрмін. Мен университет ұзтаздарына алғыс айтқым келеді. С.Байішев Атындағы Ақтөбе Универсететі ең мықты, жоғарғы оқу орының бірі, мен осы универсететті шын жүректен, білім сапасынан жоғары бағалаймын.

    1. Саламатсыз ба, Айгерім! Сізге де осындай жылы лебіздеріңіз үшін үлкен рахмет, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  10. Саламатсыз ба! Қазіргі таңда «Ветеринариялық санитария» мамандығының 4-курс студентімін. Осы жолда білімімді шыңдау мақсатында магистратура оқысам деп едім. С.Бәйішев университетінде «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша магистратура ашылады ма?

    1. Саламатсыз ба, Ақниет! Қойған сұрағыңыз өте орынды. «Ветеринарлық санитария» мамандығына магистратура ашу қарастырылу үстінде.

    1. Саламатсыз ба!»Ветеринарлық медицина» мамандығын ашу үшін құжаттар дайындалып, қарастырылу үстінде.

  11. Құрметті ректор!
    Мен «Мұнай-газ ісі» мамандығында оқимын.Университетте студенттердің оқу ақысын төлеуге университет әкімшілігі жағынан немесе Мұнай-газ өндіру мекемелерінен ұсыныстар түсе ма?Түскен жағдайда қандай талаптар қойылады?

    1. Қайырлы күн, Айнұр! Арине, Мұнай-газ өндіру мекемелерінен ұсыныс хаттар келіп түседі. Сол хаттың ішінде өздерінің студентке қоятын талаптары да қарастырылған. Егер студент талаптарға сай келсе, конкурсқа салып, өткен жағдайда оқу ақысын мекеме төлейді. Қазіргі таңда сол конкурстан өтіп, оқып жатырған студенттеріміз бар. Толық мәліметті өзіңіз оқитын факультет деканатынан білуіңізге болады.

  12. Құрметті Әлия Бекежановна!
    Мен «Мұнай-га ісі» мамандығының студентімін. Көп балалы жанұяға жатамыз. Егер бір жанұядан осы университетте бірнеше бала оқыған болса, оқу ақысына жеңілдік қарастырыла ма?

    1. Амансыз ба, Қайырбек!Егер бір жанұядан екі-үш бала оқыса, әр балаға 10% жеңілдік беріледі. Ол үшін оқу жылының басында студент «Техникалық» факультетіне келіп, ректордың атына өтініш жазу керек, сол өтініш арқылы бұйрық шығарылады.

  13. Здравствуйте, уважаемая Алия Бекежановна. Пишет Вам выпускница специальности «Казахский язык и литература». Я работаю учителем казахского языка в школе. Хотела бы узнать, организуются ли в нашем университете курсы повышения учителей-казаховедов?

    1. — Саламатсыз ба, Ұлболсын!Сіздің хабарласып отырғаныңызға ризашылығымды білдіремін! Сіздің тәжірибе жинақтауыңыз үшін өзіңіз бітірген оқу орныңызда жақсы, заманауи жағдайлар қалыптасып, жан-жақты мақсаттағы түрлі педагогикалық технологиялар бойынша, әдіс-тәсілдік мәселелер бойынша сапалы, мамандар күн санап көбейіп келеді. Сіз университетке мына мәліметтер бойынша хабарласыңыз: 8(7132)97-40-82, 8-700-440-09-77, (330, 424 кабинеттер).

  14. Здравствуйте, уважаемая Алия Бекежановна! Хочу выразить свою благодарность за то что университет и колледж предоставляет возможность своим же выпускникам работать. Я горжусь что закончила у вас и работаю там же. Я очень многому научилась… набираю… буду учится дальше….желаю достигать вершин и только самого лучшего в карьр, в учебном плане.

    1. Здравствуйте, уважаемая Алия Бекежановна! Хочу выразить свою благодарность за то что университет и колледж предоставляет возможность своим же выпускникам работать. Я горжусь что закончила у вас и работаю там же. Я очень многому научилась… набираю… буду учится дальше….желаю достигать вершин и только самого лучшего.

    2. Здравствуйте, Жузянна! И вам большое спасибо за такие приятные комментарии. Мы тоже очень гордимся своими студентами, выпускниками и сотрудниками и ценим их труд.Успехов вам!

  15. Құрметті Әлия Бекежанқызы! Мен, Сағынғалиева Гүлсезім «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 3-курс студентімін. Сізге түрлі конкурстарға қатысуға қолдау білдіріп, материалдық көмек көрсеткеніңізге алғыс білдіргім келеді. Сіздің арқаңызда осында оқығалы екі рет Уфада өткен «Түркілер алтыны» форумына және Түркі халықтары тілі мен мәдениеті Халықаралық Жастар фестиваліне және Орынборда «На Николаевске» Евразиялық фестиваліне қатыстым. Біз Сіздің үмітіңізді ақтауға және біздің университетіміздің атын басқа елде жарқыратуға тырыстық. Өткізілген шаралар қортындысында біздің студенттер жүлделі орындарды иеленді. Бұл конкурстарға қатысу біздің дүниетанымымызды кеңейтіп, рухани жағынан байытты.

    1. — Саламатсыз ба, Гүлсезім! Өте қуаныштымын, сіздердің жетістіктеріңізге! Қазақта айтпай ма, «Істегенің маған жақсы, үйренгенің өзіңе аброй» -деп, яғни айтпағым, абыройларың әрқашан арта берсін, жетістіктеріңізге жетістік, табыстарыңызға табыс қосылып, киелі білім ордасының даңқы өздеріңіздей талантты жастармен толығып, мақтанарымыз көп болсын!

  16. Құрметті Әлия Бекежанқызы! Осы жылы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқұға түстім. Сіздерге университет кітапханасында ақысыз интернетпен жұмыс жасауға мұмкіндік жасағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бұл үй тапсырмаларын орындауға өте қолайлы. Кітапханадан қажетті қітаптарды тауып ала аламыз.

    1. — Саламатсыз ба, Әсем! Сіздің риза көңіліңізге ризашылықпен жауап бере отырып, барлық жағдай сіздердің жақсы білім алуларыңыз үшін жасалғандығын әрқашан естен шығармаңыз, және де одан бұрын айтарым, тәрбиелі, саналы, адамгершіліктің жақсы қырларымен өміріңіз көркейе берсін деген тілегімді өзіңізге жолдаймын!

  17. Уважаемая Алия Бекежановна. Хотела спросить у Вас, где я могу получить информацию о правилах публикации в Вестнике АУ им. Баишева? Есть ли электронная почта редакции для отправления статьи?

  18. Құрметті Әлия Бекежанқызы! Сізге және академиялық ұтқырлық бөліміне Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергеніңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қазір мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавриатының 3-ші курсында оқидым. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша екі университетте оқыдым: Орал және Шымкент қалаларында. Басқа университеттерге баруды ұйымдастыру және сол жерде тұру кезінде ешқандай мәселе туындаған жоқ.

    1. -Амансызба, Айзат! Қал-жағдайыңыз жақсы ма? Ризашылығыңызға рахмет! Ендігі жерде басқа оқу орындарынан алған тәжірибеңізді өзің білім алып жатырған С. Бәйішев атындағы оқу орнындағы тәжірибеңізбен ұштастыруға тырысып, одан әрі біліміңді шыңдай беруге тілегім шексіз! Сізге, болашақта да әрдайым үлгілі тәрбиеңмен, жақсы оқып, жетістіктерден көріне бер демекпін!

  19. Сәлеметсіз бе, Алия Бекежанқызы. Мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавриаты 2-курсында оқимын. Біздің университетте грант ұтып алу үшін олимпиадалар, ғылыми жұмыстар конкурсы өткізіле ме?

    1. — Саламатсызба, Майра! Біздің оқу орнымызда барлық мамандақтар бойынша конкурстар, олимпиадалар және ғылыми жобалар түрлі деңгейде жиі өткізіліп тұрады. Оның барлығы сіздің мамандығыңызға қарасты кафедраның, сонымен қатар оқу орнының ғылыми жұмыстарының жоспарларына сәйкес, одан тыс та үнемі өткізіліп отырады. Сондықтан да алдымен өзіңізді қызықтырытын мәселе төңірегінде ұстанымдарыңызбен пікірлесе отырып, бағытыңызды айқындап алыңыз, содан кейін өзіңіз таңдаған ғылыми жетекшіңізбен жұмыс жасайсыз. Содан кейін сіз қалаған ғылыми конкурстарға жобаңызды ұсынуға әбден болады.

  20. Әлия Бекежанқызы, сәлеметсіз бе. Мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студентімін. Сізге қояр сұрағым бар еді. Облыс әкімінің стипендиясына конкурс қашан өтеді? Ол үшін қандай талаптар бар?

    1. — Саламатсызба, Айнұр! Облыс стипендиясына үміткер болуыңыз, яғни тәрбиелі және жақсы оқитын болуыңыз керке! Бұл мәселе бойынша Педагогика факультеті деканатынан талап етілетін құжаттар жөнінде толық мәлімет алу мүмкіндігіңіздің бар екендігін хабарлаймын және үмітіңіздің ақталуына тілектеспін!

  21. Саламатсыз ба? Алия Бекежановна. Мен 1 курста «Қазақ тілі мен әдебиеті — 102» топта оқимын. Мен Ақтөбеге басқа қаладан келдім және университетте жақсы жатақхана бар екеніне өте қуаныштымын. Жатақханада өмір сүру мен білім алу үшін барлық жағдайлар жасалғаны маған өте ұнайды. Жатақханада әр түрлі концерттер мен жарыстар ұйымдастырылады, бұл біздің студенттік өмірімізді онан сайын қызықты етеді. Біздің кураторларымыз бен оқытушыларымыз бізге жиі келіп, қандай бір мәселелерді шешуге, көмектесуге дайын тұрады. Біздің Студенттер үйі үшін Сізге үлкен рахмет.

    1. — Саламатсыз ба, Дәмелі! Қал-жағдайыңыз жақсы ма? Университет жатақханасының сізге ұнайтындығы жөніндегі лебізіңізге ризашылығымды білдіремін. Мүмкіндігімізше жасалған барлық жағдай сіздер үшін, сіздердің жақсы тұрып, тәрбиелі жақсы білім алып, еліміздің қалаулы азаматтары қатарында танылуларыңызға ізгі тілегімді білдіре отырып, болашақта сіздердің ел үмітін ақтайтындарыңызға сеніміміз мол екендігін жеткізгім келеді!

  22. Саламатсыз ба! АУ им. С.Байешов 6М011300-биология магистратура мамандығы бар ма? Мен ЗНАТЬ им. М.Утемисовта окып жатырмын. Осы ВУЗ-ға келесі семестр ауысу жоспарымда бар еді.

    1. Саламатсыз ба, Еламан! Өкінішке орай, қазіргі кезде аталмыш мамандық бойынша магистратура әзірше жоқ. Бірақ бірқатар мамандықтар бойынша магистратура ашу жоспарымызда бар.

  23. Здравствуйте, уважаемая Алия Бекежановна! Я выпускница Университета имени С.Баишева. После окончания университета решила продолжить обучение и поступила на магистратуру в родном университете, чтобы получить степень магистра. Хочу выразить свою благодарность за предоставленную возможность в усвоении знаний в области финансов.

  24. Саламатсыздарма! Мен осы оку орнын 2009жылы 5В050900 «Каржы» мамандыгын битирдим. Мунай газ ісі мамандығын оқығым келеді. Осы мамандық бойынша оқу ақысы жылына қанша екен және де кәсіпорынмен келісім шарт жасайсындарма? Көп рахмет.

    1. Саламатсыз ба, Дархан! Еліміздің экономикалық жағдайына байланысты жыл сайын бағаның өзгеріп тұратындығы белгілі. Сондықтан да келесі оқу жылы құжатыңызды қабылдау комиссиясына тапсыру барысында нақты жылдық оқу ақысын біліп, келісім – шартқа отыруға мүмкіндігіңіз бар.

  25. Саламатсыз ба Әлия Бекежанқызы! Мен, Хамзеева Әсем 2014 жылғы «Есеп және аудит» мамандығының түлегі боламын. Қазір жұмыс жасап жүрмің, дегенмен қазір өзімнің білімімді толықтырайын деп едім, сол себепті магистратураға түскім келеді. Университетте «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратура бар ма? Егер, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистратура болса түсейн деп едім.

    1. Саламатсыз ба, Әсем! Сұрағыңыз түсінікті, әзірше сіз сұраған мамандықтан магистратура ашылған жоқ.

  26. Здравствуйте! Я выпускница вашего университета, Темиргалиева Салтанат. Я хотела спросить, мой братишка закончил колледж и сейчас преподает в школе физкультурное обучение. Хотел получить высшее образование относительно педагогического образования по физ. воспитанию, поступив на дистанционное обучение. Есть ли данная специальность на дистанционном обучении? Когда начинается прием документов?

    1. Здравствуйте, Салтанат!К сожалению, интересующей вас специальности у нас нет, но есть пару специальностей касательно педагогического образования. Прием документов с 20.06. по 31.08. Приходите!

  27. Біз университеттің 2003ж түлегіміз.Біз 28 студент болып ХЭҚ мамандығын бітірдік, қазір біздің баламыздың алды осы университет студенті.Біздің тұлға болып қалыптасумызға оқу орнымыз барлық жағдай жасады.Сол кездегі оқытушыларымыз Шыныбек ағай, Алия апай ,куратор Тілектес апайға алғысымыз шексіз.1 курста лекция жазып үлгере алмай қайталатып сұрап жүрген біз 4 курсқа келгенде Шыныбек ағайымызға тез оқыңызшы деп асықтыратын едік.Ол кезде ғаламтор жоқ кітапханада семинар сұрақтарына жауап іздеп уақыт өткіздік.Барлық 28 студент атынан мың алғыс.Алдағы уақытта докторантура ашуға ұсыныс тастасақ.Барлығымызда магистр біліміміз бар.Енді сол 28 студент болып сүйікті университетімізге оқуға қайта оралсақ.Ұсынысымыз қаралады деген ойдамын.

    1. Саламатсыз ба, Жанар! Сіздің жылы лебіңізге әріптестерімнің атынан алғыс айтамын, ал сіздің ұсынысыңызға келетін болсақ, алдағы уақытта докторантура ашу жоспарымызда.

  28. Құрметті Әлия Бекежанқызы! Мен Қаржы 202 тобының студентімін. Университетімізде Жастар Ісі жөніндегі комитет өзге оқу орындарына қарағанда белсенді әрі сапалы жұмыс жасауда. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті жанынан құрылған «Айсберг» Зияткерлік Пікірсайыс Клубының мүшесі бола отыра, университет тарапынан жастардың дамуы үшін Қазақстанның түрлі қалаларындағы пікірсайыс турнирлеріне жіберуге толық көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін! Пікірсайыс клубы құрылғаннан бері біз қалалық, облыстық, аймақтық және республикалық дәрежедегі 30-дан аса шараларға белсенді қатыстық. Алматыдағы, Қызылордадағы, Оралдағы республикалық турнирлердің 1/4 финалдарына дейін өттік. Қалалық және облыстық дәрежедегі бірнеше турнирлердің 1, 2, 3 орын иегеріміз. Атырауда өткізілген аймақтық турнирдің 2 орын жүлдегерлері атандық. Оқу ақысына 10%-дық жеңілдік беріп, студенттердің білім мен қоғамдық шараларға деген белсенділіктерін одан сайын арттырғаныңыз үшін үлкен алғыс білдіремін! Болашақта оқу орнымыздың атын білім мен сапаның белгісі ретінде таратуға өз үлесімді әлі де қосатын боламын!

    1. Саламатсыз ба, Таншолпан! Жақсы оқып жүргеніңізге ризамыз, жетістігіңе қуанамыз, алдағы уақытта да осындай биіктерден көрінуіңізге тілектеспін.

  29. Саламатсыз ба! Мен 2011 жылы Қаржы мамандығын бітірдім. Қазіргі уақытта осы алған диплом жемісін көріп жатырмын. РАХМЕТ Сіздің ұстаздар қауымына. Бүгінгі күні жұмыс бабына орай осы 2018 жылы Бухгалтерлік есеп бойынша мамандыққа түсуім керек. Осы жылғы құжат қабылдау қашан басталады? Сонымен бірге Бухгалтерлік есеп бойынша бакалврға тусіп, сонымен қатар бір уақытта Қаржы мамандығы бойынша магистратураға түсе аламын ба?

    1. Саламатсыз ба, Алмат! Магистратурада оқу күндізгі бөлім болып есептелетіндіктен, Сіздің бір уақытта «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының бакалавриаты бойынша оқуға мүмкіндігіңіз жоқ.

  30. Саламатсыз ба , Экология бойынша білім гранттарын алуға бола ма ? Ол үшін қандай құжаттар тапсыруым керек ?

    1. Саламатсыз ба, Ақторғын! Үздік оқысаңыз, әрине, мүмкіндігіңіз бар. Бұл сұрақ жөнінде өзіңіздің «Экономика және жаратылыстану факультетінің» деканатына жолығыңыз.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *